Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next
БОРИСОВ Михаил Иванович 1925 жылы 27 мамырда Қаз.КСР, Целиноград облысының Макин ауданы Пушкин ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Еңбекшілдер АӘК-тан Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. 127-ші мотоатқыштар полкінің құрамында Жапон империалистеріне қарсы ұрыстарға қатысты. 1949 жылы демобилизациядан кейін Кемерово селекциялық жүк тасушылар станциясына жұмысқа қабылданды. 1951 жылы өз еркімен жұмыстан шығып, Каззолото трестінің АТУ автопаркіне ауысымды диспетчер болып жұмысқа ауысты. 1952 жылдың 27 қаңтарында нарядшы болып тағайындалды. 1952 жылы 7 желтоқсанда диспетчер болып тағайындалды. 1954 жылдың 16 сәуірінде 2 шахтаның маркшейдерлік бюросының аға жұмысшы лауазымына Даниловка учаскесіне ауыстырылды. 1957 жылы кәсіпорынның таратылуына байланысты штат санын қысқартуынан соң отставкаға кетті. 1957 жылы 1 наурызда «Заветы Ильича» совхозының коменданты қызметіне қабылданды. 1959 жылы ірі қара малды қолдан ұрықтандыру технигі болып ауыстырылды. 1962 жылдың 12 қарашасында жұмыстан шығып, Қорғалжын ауданының «Дружба» совхозына техник-осеменаторшысы болып жұмысқа ауысты. 1965 жылы Целиноград мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру станциясына ауысып, зоотехник лауазымында зейнетке шықты. 2009 жылдың 30 наурызында қайтыс болды. Михаил Иванович Борисовтың жұбайы-Нина Григорьевна Борисовна 1947-2009 жылдардағы құжаттарды мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға 2009 жылы тапсырды. Михаил Ивановичтің марапаттау құжаттарының ішінде Қызыл Әскер қатарында әскери қызмет еткендігі жайлы куәлігі (Қ. 61. Т.14. Іс.2. ББ. 1-8), әскери билет (Қ. 61. Т.14. Іс.3. ББ. 1-15), Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалінің куәлігі, «Еңбек ардагері» медальдары, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 30, 40, 50, 60 жыл мерейтойлық медальдарына, «Жапонияны жеңгені үшін» медалі, «60 Років визволення Украіни від фашистських загарбників»; КСРО Қарулы Күштеріне 50,60,70 жыл мерейтойлық медальдары, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл» және «Фронтовик 1941-1945 жж.» белгілеріне куәлік (Қ. 61. Т.14. Іс.5. ББ. 1-14) бар.
Записаться на прием