Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next

 

📌”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”
📜Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің архив құжаттары
АНГАЛОВА (БУЗОВКИНА) Клавдия Сергеевна 1923 жылы 29 қарашада Тула облысы Мордвес ауданының Ажовка ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтау мен орта білім туралы аттестатты алу соғыс басталуымен сәйкес келді.
1942 жылы Клавдия өз еркімен майданға аттанады. Мәскеу түбіндегі 17-ші автокөлік батальонында кеңсе хатшысы болып жұмыс жасады. 1942 жылдан 1943 жылға дейін батальон Брянск майданының құрамында болды. 1943 жылдың қараша айынан бастап Прибалтика майданының құрамына өтті, 1945 жылдың сәуір айынан бастап, соғыстың соңына дейін батальон бірінші Белорус майданының құрамында болды. Жеңіс күнін Клавдия Сергеевна Берлинде қарсы алды.
К. С. Ангалова ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен» және т. б. марапатталды.
Орел қаласында Клавдия Сергеевна өзінің болашақ күйеуі - Ангалов Курмашпен танысып, тұрмысқа шығып, онымен бірге Ақмола облысының Қорғалжын ауылына келді.
Педагогикалық училищені сырттай бітіріп, 1946 жылдан зейнеткерлік жасқа дейін Қорғалжын орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. «Ағарту ісінің үздігі» белгісімен, көптеген грамоталармен марапатталған.
2001 жылы Клавдия Сергеевна Ангалова Мемлекеттік архивтің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үндеуіне жауап ретінде өзінің жеке құжаттарын мемлекеттік сақтауға берді.
Олардың ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 25, 40 жыл, КСРО Қарулы Күштеріне 50, 60 жыл, Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медаліне куәлік, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жж. соғысының ардагері» марапаттары (Қ. 61. Т. 6. Іс. 3. ББ. 1-18) және газет беттерінен ол жайлы мақалалар бар (Қ. 61. Т. 6. Іс. 2. ББ. 1-8).
АНГАЛОВА (БУЗОВКИНА) Клавдия Сергеевна родилась 29 ноября 1923 года в деревне Ажовка Мордвесского района Тульской области. Окончание школы и получение аттестата о среднем образовании совпало с началом войны.
В 1942 году Клавдия добровольцем уходит на фронт. Служила писарем в 117-ом отдельном автотранспортном батальоне под Москвой. С 1942 по 1943 годы батальон находился в составе Брянского фронта, с ноября 1943 года перешел в состав Прибалтийского фронта, с апреля 1945 года и до конца войны батальон находился в составе первого Белорусского фронта. День Победы 9 мая 1945 года Клавдия Сергеевна встретила в Берлине.
Ангалова К.С. награждена орденом Отечественной войны II степени, медалями «За взятие Берлина», «За Победу над Германией», медалью Маршала Советского Союза Г.К.Жукова и др.
В городе Орле Клавдия Сергеевна встретила своего будущего мужа - Ангалова Курмаша, вышла за него замуж, приехала вместе с ним в с. Кургальджино Акмолинской области.
Закончив педагогическое училище заочно, с 1946 года до достижения пенсионного возраста, проработала учительницей начальных классов Кургальджинской средней школе. Награждена знаком «Отличник просвещения», отмечена многочисленными грамотами. Ныне Ангалова К.С. проживает в г. Нур-Султане.
В 2001 году Клавдия Сергеевна Ангалова в ответ на обращение Государственного архива города Астаны к ветеранам Великой Отечественной войны передала свои документы на постоянное хранение.
Среди сданных документов имеются удостоверения к юбилейным медалям на 20, 30, 40-летие Победы в Великой Отечественной войне; 50, 60 - летие Вооруженным силам СССР, удостоверение к медали Маршала Советского Союза Г.К.Жукова; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; Удостоверение к знаку «25 Лет Победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг.» (Ф. 61. Оп. 6. Д. 3. ЛЛ. 1-18), а также вырезки из газет со статьями о ней (Ф. 61. Оп. 6. Д. 2. ЛЛ. 1-8).
Астана қаласының мемлекеттік архиві
Қ. 61. Т. 6. Іс. 1-4
Ф. 61. Оп. 6. ДД. 1-4

Записаться на прием