

ӘЛЕЙБЕКОВ ИМАНБЕРДІ 1921 жылдың 1 мамырында Жамбыл облысының Қордай ауданы Шарбақты ауданында дүниеге келген.
1937 жылға дейін ауыл мектебінде сауат ашып, жеті класты бітірген соң, оқуды Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебінде жалғастырды. 1940 жылы Алматыда жаңадан ашылған әскери училещеге қабылданады. Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты 1941 жылы курсанттарды майданға жіберді. Жаумен Брянск, Воронеж, 3-ші Прибалтика, 1-ші Украина майдандарында соғысты. Орел-Курск шайқастарында 49-шы танк бригадасы, 30-шы миномет бригадасының қарамағында взвод командирі, құрал-жабдықтар командирі, батарея командирінің орынбасары, барлаушылар бөлімшесінің командирі болып жауынгерлік тапсырмаларды атқарды. Екі рет жеңіл жараланып, майданға қайта оралды. Соғысты Потсдам қаласында аяқтап, елге 1945 жылдың қыркүйегінде оралды.
Отан алдындағы борышын адал атқарғаны үшін бірінші дәрежелі Отан соғысы, екі рет «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», Жеңістің 20.30.40, 50, 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар, КСРО Қарулы Күштерінің 50.60.70 жылдығы, Польша Республикасының «Ерлігі үшін», «Әскери қызметі үшін» медалімен, Одер өзенін кешіп өткенде, Кельце қаласын азат ету және Сандомира аумағындағы қоршауды бұзып өту барысында жауынгерлік іс қимылда озық үлгі көрсеткені үшін Жоғары Бас қолбасшы И.Сталиннен алғыс хат алған.
Қ. 61. Т. 33. ІС. 1-8