Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

”ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ”

Previous Next
📌 “ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖАЛАУЫ” 📜Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің архив құжаттары. БЕЛОЦЕРКОВСКИЙ Григорий Степанович 1916 жылы Омбы облысы Полтавка ауданының Полтавка ауылында дүниеге келген. 1937 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, борышын өткергеннен кейін үйге оралды. 1941 жылы Степняк қалалық әскери комиссариатынан Ақтөбе қаласында құрылған 74-ші атқыштар теңіз бригадасының құрамына шақырылды. Желтоқсан айында бригада алдымен Мәскеуге, содан кейін Старой Русс ауданына Солтүстік – Батыс майданына жіберілді. 1942 жылы бас старшина Белоцерковский ауыр жарақат алып, госпитальда емделгеннен кейін екінші топтағы мүгедек қатарына алынды. Ф.61. Оп.1. Д.1. ЛЛ. 1-2 Г. С. Белоцерковский ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және т. б. медальдармен марапатталған. Өзі Туған Степнякке оралып, бір жыл бухгалтер болып жұмыс істеді. 1943 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарына ресми қызметке шақырылды. 1965 жылы осы жұмыстан шығады. 1985 жылға дейін кадр жөніндегі аға инспектор болып жұмыс істеді, содан кейін зейнеткерлік демалысқа кетті. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Григорий Степанович Белоцерковский 1941-1991 жылдар аралығын қамтитын өз құжаттарын 2001 жылы Мемлекеттік архивке сақтауға берді. Солардың ішінде, Г.С. Белоцерковскийдың (сол жақта) 74-ші жеке атқыштар бригадасының 1-ші сержанты Владимирмен және өз қолымен жазылған мәніні бар фотосурет. (Қ.61.Т.1.Іс.1.ББ.1-2) және 01.11.1942 ж «Социалистік құрылыс» газетінде жарияланған «Не покладая рук» хаты (Қ.61.Т.1.Іс.2.ББ.1-2), сонымен қатар Г.С. Белоцерковскийдің құрастыруымен жасалған 74-ші теңіз бригадасының қалыптасу кезеңінен бастап, 1942 жылдың ақпан айындағы Новгород қаласына дейінгі қозғалыс схемасы (Қ.61.Т.1.Іс.6.Б.1).
Записаться на прием