Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 14–15 мамырда Астана қаласының мемлекеттік архиві қызметкерлері біліктілікті арттыру курсынан өтті

Previous Next
2026 жылғы 14–15 мамыр аралығында Астана қаласының мемлекеттік архиві ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметінің басшысы М.А. Сугралина, басшысының орынбасары А.К. Искакова және архивисті Г.Р. Бухбанова Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві жанындағы мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында оқудан өтті.
Оқу барысында еліміздің әр өңірінен келген 46 тыңдаушы қатысқан «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі тақырыбында ұйымдастырылған семинарда саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Осыған орай, оқу семинарын жоғары деңгейде ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.
 
 
Записаться на прием