Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 8–9 мамыр күндері «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана қаласының Мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Ерлік дастаны» атты фотоқұжаттар көрмесі өтті

Previous Next
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай өткен мерекелік іс-шарада тарихи жадыны жаңғыртуға арналған тақырыптық стендтер ұсынылып, архив қорларынан алынған құжаттар мен фотоматериалдар көрермен назарына қойылды. Шара Ақмола өңірінен шыққан батырлар мен майдангерлердің ерлігін насихаттауға бағытталды.
Көрмеде ел жадында өшпес із қалдырған даңқты тұлғалар – Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлмұқан Сембинов сынды қаһармандардың өмір жолы мен тарихи ерліктері архив құжаттары негізінде таныстырылды.
Сонымен қатар көрмеде Ақмолада жасақталған 106-қазақ атты әскер дивизиясының, сондай-ақ 29, 310 және 387-атқыштар дивизияларының жауынгерлік жолы кеңінен насихатталды. Ақмоладан майданға аттанған мыңдаған сарбаз Сталинград, Ленинград, Курск және Харьков бағытындағы шешуші шайқастарда ерлік көрсетіп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосты.
Ұлы Жеңіс жолында жанын қиған батырлардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ел тарихындағы мәңгілік тағылым болып қала бермек.
Записаться на прием