Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 8 маусымда ҚР Президентінің архивінде ІХ Халықаралық жас архивистердің жазғы мектебінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Архивтердің ақпараттық архитектурасы: цифрлық шешімдердің жаңа модельдері».

Бағдарлама архив саласындағы цифрлық технологияларды дамыту, құжаттарды басқару жүйелерін жетілдіру және халықаралық тәжірибемен алмасуға бағытталды.

Іс-шара қатысушыларды тіркеу рәсімімен басталып, салтанатты ашылу өтті. Ашылу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Мұстафина Әлия Хұсайынқызы және басқа да сала мамандары қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады.

Бағдарлама аясында Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры Ларин Михаил Васильевич мемлекеттік басқарудағы құжаттар мен архивтерді цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша дәріс оқыды. Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігінің кеңесшісі Алиев Анваржон Орифжонович Өзбекстан архивтеріндегі жаңа цифрлық шешімдер және кино-фото-құжаттар порталы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары Туенбаева Калима Толеубаевна архивтердің ақпараттық архитектурасы, модельдері, технологиялары және басқару шешімдері тақырыбын қозғады. Ал Нұрпейісова Бақыт Еслембекқызы цифрлық архивтердің білім беру ортасы ретіндегі маңызы туралы баяндама жасады.

Іс шараның соңында жазғы мектеп архив ісіндегі цифрлық трансформацияның маңызын көрсетіп, жас мамандардың кәсіби дамуына және халықаралық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.

image-10-06-26-15-27-3
image-10-06-26-15-27-1
image-10-06-26-15-27
image-10-06-26-15-27-2

Записаться на прием