Шара аясында ғалымның «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиясының екінші басылымы, сондай-ақ «Викиңдердің ізімен», «Колумб дәуіріне дейінгі америкалық үндістердің Алтайлық тегі», «Алтайские корни американских индейцев доколумбовой эпохи» атты еңбектері оқырман қауымға таныстырылды.
Кездесуді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі жүргізді. Шара барысында мерейтой иесіне Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.
Жиында Қуаныш Сұлтанов, Бауыржан Омаров, Нұртөре Жүсіп және өзге де зиялы қауым өкілдері ғалымның ғылым мен қоғам өміріндегі сіңірген еңбегін жоғары деңгейде бағалап, оның ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ шараға Астана қалалық Мемлекеттік архивінің қызметкерлері де қатысып, мазмұнды басқосудың куәсі болды.




