Жаңалықтар
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Қаралды: 7
Республика күніне орай «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» ММ-де «Егемендік – елдіктің тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің мақсаты – архив құжаттары негізінде егемендік тарихын насихаттау, ұлттық мемлекеттіліктің тарихи негіздерін зерделеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері туралы бейнеролик көрсетілді. Тарих және әдебиет саласының өкілдері ұлттық тарих пен тарихи мұраны сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Арнайы шақырылған қонақтар:
▪️ Қалбан Ынтыханұлы – жазушы, аудармашы, тарихшы;
▪️ Қайырбек Кемеңгер – филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті.
Талқылау барысында тарихи естеліктер айтылып, ұлттық құндылықтар мен тарихи сабақтастықтың маңызына назар аударылды.
Кездесудің қорытынды бөлімінде Астана қаласы Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Атамекен» ансамблі мерекелік музыкалық бағдарлама ұсынды.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге «Абай ТВ» телеарнасы мен «Әдебиет порталының» өкілдері қатысты.
Аталған басқосу егемендік тарихын дәріптеуге, архив құжаттарының маңызын насихаттауға және тарихи сананы нығайтуға бағытталды.
Республика күні құтты болсын! Еліміздің егемендігі нығайып, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!




