Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Ғалымның хаты – мәңгілік мұра: Профессор Жамбыл Артықбаевтың жеке қоры мемлекеттік архивке тапсырылды

Previous Next

Бүгін «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінде  тарихи сабақтастық пен ғылыми парасат салтанат құрған айтулы оқиға өтті. Ұлттық кітап күнімен тұспа-тұс келген «Ғалымның хаты – ұлт қазынасы» атты салтанатты іс-шара аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы Артықбаевтың жеке қоры мемлекеттік сақтауға ресми түрде қабылданды.

Шараға отандық ғылым мен білім саласының майталмандары жиналып, Жамбыл Омарұлының қазақ тарихына қосқан үлесі туралы жылы лебіздерін білдірді. Қонақтар қатарында:

Жантас Алтайұлы Жақыпов – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Тұрсынхан Закенұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі жазушы;

Дүйсен Сейітқали Жахияұлы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ел тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор;

Қалиев Жабай Нұрмақұлы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты;

Ыбырай Саят Баймұратұлы – Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы.

Сондай-ақ шараға С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-дың кафедра меңгерушісі Айнұр Пернебекқызы Алиакбарова бастаған 1-курс студенттері мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының тарих факультеті студенттері қатысты. Ғалым мен жас буынның бұл кездесуі рухани сабақтастықтың көрінісі болды.

Бұл – тек құжаттар топтамасын өткізу емес, ұлт тарихын түгендеуге арналған тұтас бір ғұмырдың жемісін болашақ ұрпаққа аманаттау рәсімі.

Жамбыл Омарұлының: «Жады әлсіресе, рух әлсірейді» деген ұстанымы бүгінгі жиынның басты лейтмотиві болды. Жиынға қатысқан ғалымдар Жамбыл Омарұлының шежіретануды ғылыми жүйеге келтірудегі, этноәлеуметтік құрылымды зерттеудегі ерен еңбегін жоғары бағалады. Студенттер үшін бұл кездесу тірі тарихпен қауышудың және нағыз ғалымдық парасатты көрудің мүмкіндігіне айналды.

Бұл қордың ашылуы жас тарихшылар мен этнографтар үшін үлкен мүмкіндік. Мұндағы әрбір құжат қазақтың өткенін тануға, ұлттық болмысты ұғынуға таптырмас құрал.

«Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі профессор Жамбыл Артықбаевтың мұрасын көздің қарашығындай сақтап, оны ғылыми айналымға енгізу ісін жалғастыра береді.

Ғалымның ізі, хаттың жүзі мәңгілік!

1 

1 

1 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Записаться на прием

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары