Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ – ЕЛОРДА ТАРИХЫНЫҢ АЙНАСЫ📚

Previous Next

«ASTANA LEGACY: Тарих. Жады. Болашақ» форумы аясында ұйымдастырылған «АСТАНА: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» фотоқұжаттық көрмесі елорданың қалыптасу тарихын архив құжаттары арқылы жан-жақты таныстырды.
Сирек кездесетін тарихи фотосуреттер мен құнды архив материалдары Астананың Қараөткелден бастау алған шежіресін, даму жолын және бүгінгі келбетін айқын көрсетті.
Форум аясында ерекше назар аудартқан тағы бір көрме – Астана қаласына арналған кітаптардан жасалған инсталляциялық кітап көрмесі болды. Елорда туралы жарық көрген көптеген кітаптардан құралған бірегей композиция көрермендерді қаланың бай тарихымен, рухани мұрасымен және мәдени дамуымен таныстырып қана қоймай, кітаптың – білім мен тарихи жадының мәңгілік құндылығы екенін айшықтады.
Бұл көрмелер – архив пен кітаптың үндестігі арқылы өткен мен бүгінді байланыстырып, болашаққа тағылымды көзқарас қалыптастыратын маңызды мәдени бастама. Өйткені елорданың тарихын білу – оның ертеңін бағамдаудың, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің және тарихи сананы нығайтудың берік негізі.

Записаться на прием