Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Астанада прокуратура органдарында архив ісін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өтті

Previous Next
29 сәуір 2026 жылы Астана қаласы прокуратурасының базасында «Прокуратура органдарында архив ісін ұйымдастыру: істер номенклатурасын қалыптастыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты прокуратура органдарында архив ісін ұйымдастыру сапасын арттыру, сондай-ақ істер номенклатурасын жүргізу, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Семинарға Астана қаласының прокуратурасы, аудандық прокуратуралар (Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр, Нұра, Сарайшық), Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы, көлік және авиациялық прокуратуралар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы қатысты.
Семинарды «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ директоры Жангельды Бимолдин Бержанұлы және Астана қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Нюсупова Айгүл Бахтыбайқызы алғыс сөзбен ашты.
Семинар барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
* істер номенклатурасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі;
* құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу;
* істерді қалыптастыру, ресімдеу және сақтау талаптары;
* архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
* Құжаттарды реставрацияға жеткізбей сақтау: алдын алу шаралары және қауіп факторлары.
 
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын заманауи технологияларды қолдану арқылы құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағы өткізілді.
 
Семинардың практикалық бөлімі ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылауға және архив мамандарының түсіндірме беруіне арналды.
Записаться на прием

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары