Архивте «Уақыт жаңғырығы: қаламмен өткен ғұмыр» тақырыбында көрнекті тұлға Моисей Михайлович Гольдбергтің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қонақтар архивтік көрмемен танысып, М.М. Гольдбергтің өмір жолы мен Астана тарихындағы орны туралы мазмұнды баяндамалар тыңдады.
Сонымен қатар, архив қорынан алынған бейнероликтер мен фотоқұжаттар негізінде арнайы көрме ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.
Кездесу барысында әріптестері мен достары оның эфирдегі және өмірдегі жарқын сәттерін еске алып, тұлғаның кәсіби әрі адами болмысына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, шараға көрнекті тұлға Моисей Михайлович Гольдбергтің қызы Людмила Моисеевна Гольдберг қатысты.
Іс-шараға қатысқан қонақтар қатарында:
Александр Юрьевич Тараков, «Казахстанская правда» газетінің бас редактор қызметін атқарған, Мусахан Таласович Турунтаев (скрипкашы Руслан Турунтаевтың әкесі), Нурлан Молдиярович Даутов әріптесі, Целиноград облыстық радиосы қызметкері, Булат Султанович Куанышев, «Мехколонна-56» ЖШС директор қызметін атқарған, Алмат Қасенұлы Байдрахман, «Қазақ радиосы» радиоарнасының бас редакторы.
Сондай-ақ, іс-шараға «Астана ақшамы» газеті мен «Қазақ радиосы» радиоарнасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.















