Бүгін «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері Астана қаласы Мемлекеттік архивіне экскурсияға келді.
Студенттер архивтің қалпына келтіру (реставрация) бөлімінің, архив құжаттарын сақтау бөлімінің және IT бөлімінің жұмысымен танысты.
Кездесу барысында мамандар архив құжаттарын қалпына келтіру, сақтау, есепке алу және цифрландыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, архив саласының жұмыс ерекшеліктері жөнінде қажетті мәліметтер жинақтады.
Осындай танымдық кездесулер студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.




