Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

СТУДЕНТТЕР АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

СТУДЕНТТЕР АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
2026 жылғы 9 қарашада С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары 50-ге жуық студентті Астана қаласының Мемлекеттік архивіне экскурсияға алып келді. Танымдық экскурсия архив пен университет арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттерге архивтің негізгі қызмет бағыттары, құжаттарды қабылдау, сақтау, жүйелеу және пайдалану тәртібі таныстырылды. Сонымен қатар архив қоймаларының жұмысы, құжаттардың сақталу жағдайы, оларды цифрландыру және зерттеушілерге ұсыну үдерісі туралы ақпарат берілді. Студенттер архив қорларында сақталған тарихи түрлі құжаттар көріп, өткен заманның тыныс-тіршілігінен сыр шертетін деректермен танысты. Архив құжаттарының ел тарихын зерттеудегі, тарихи оқиғаларды зерделеудегі және ұрпақ жадын сақтаудағы маңызына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, архив жұмысына қатысты мағлұматтар алды. Мұндай танымдық кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, туған өлке тарихына қызығушылығын арттыруға және архив құжаттарының құндылығын тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Изображение 2

Изображение 3

Изображение 4

Изображение 5

Изображение 6

Изображение 7

Изображение 8

Изображение 9

Изображение 10

Изображение 11

Изображение 12

Изображение 13

Записаться на прием