Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ТҮРКІСТАНДА – АРХИВ ІСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Previous Next

2026 жылғы қараша айында Түркістан қаласында Оңтүстік өңіріндегі архив ісінің 100 жылдық мерейтойына (1926–2026 жж.) орай «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Аталған іс-шара Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына Астана қаласының Мемлекеттік архивінің директоры Бимолдин Жангелді қатысып, мерейтойлық жиынға арналған құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде архив саласының қоғам өміріндегі айрықша маңызын, Ұлттық архив қорының тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы рөлін және архив қызметкерлерінің ұлт тарихын ұрпаққа жеткізудегі жауапкершілігін атап өтті.

Сонымен қатар конференция аясында Астана қаласының Мемлекеттік архивінің Ғылыми-зерттеу және ақпараттық түсіндіру қызметінің басшысы Жылқыбаева Айнұр «Архив құжаттары – ұлттық жады мен ұрпақ тәрбиесінің тарихи негізі» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада архив құжаттарының ұлттың тарихи жадын қалыптастырудағы, тарихи шындықты сақтаудағы, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерді сіңірудегі маңызы кеңінен қозғалды. Сондай-ақ архив деректерін ғылыми айналымға енгізу, тарихи мұраны насихаттау және оны келер ұрпаққа аманат ету мәселелеріне назар аударылды.

Записаться на прием