Бүгін кәсіби тәжірибені арттыру және әріптестік байланыстарды нығайту маңызды қадамдармен жалғасуда. Астана қалалық Мемлекеттік архиві директорының орынбасары Ардақ Мұқашқызы мен бас есепші Клара Төлешқызы Забынбекова тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласындағы әріптестеріне арнайы іс-сапармен барды.
«Өткеннің мұрасын сақтап, болашаққа бағдар жасау – ортақ мақсат».
Бұл іс-сапар барысында екі қаланың архив саласындағы өзара ынтымақтастықты күшейту, құжат айналымын жетілдіру және қаржылық-шаруашылық қызметтің озық әдістері талқыланды.




