Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БҮГІНГЕ ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БҮГІНГЕ ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»
Бүгін 2026 жылғы 19 тамыз күні сағат 15:00-де Тарлан-Астана жеңіл метрополитені жүйесінің «Бәйтерек» станциясында Астана қаласының Мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым, бүгінге тағзым, болашаққа бағдар» атты фото-құжаттық көрме өтті.
Астана қаласының Мемлекеттік архиві ұйымдастырған көрменің мақсаты – архив қорларында сақталған тарихи құжаттар мен фотоматериалдар арқылы елорданың қалыптасу және даму тарихын кеңінен таныстыру, тарихи мұраны насихаттау.
Көрме барысында елорданың өткені, бүгіні мен болашағын қамтитын құнды архив құжаттары көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара аясында «Тарихтан тағылым», «Бүгінге тағзым», «Болашаққа бағдар» атты тақырыптық бөлімдер арқылы Астананың тарихы мен бүгінгі келбеті таныстырылды.
Көрме қонақтарына «Атамекен» өнер ұжымының орындауында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» және Сағи Жиенбаевтың «Айналдым, елім» әндері ұсынылды.
Өткенді зерделеу – бүгінді бағалауға, болашақты бағдарлауға жол ашады!
Записаться на прием