Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: АРХИВ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: АРХИВ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Бүгін, 20 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен «Цифрлық трансформация жағдайында архив ісін дамыту перспективалары» тақырыбында республикалық семинар өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағының өкілдері, республикалық және өңірлік архив мекемелерінің басшылары, сондай-ақ Астана қаласының Мемлекеттік архивінің басшысы мен архив қызметкерлері қатысты. Семинар аясында Астана қаласының Мемлекеттік архиві Ведомстволық архивтерді жинақтау қызметінің басшысы Дариға Серікқызы Успанова «Істер номенклатураларын сараптамалық тексеруде жасанды интеллектіні қолдану: AIQALAM платформасы негізінде автоматтандырылған талдау мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада істер номенклатураларын тексеру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері мен AIQALAM платформасының әлеуеті таныстырылды. Бұл бағыт архив құжаттарын жүйелеу мен сараптау жұмысын жетілдіруге, мамандардың уақытын үнемдеуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, семинар барысында «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің қазіргі жұмысы мен даму перспективалары, сондай-ақ «Е-Өтініш» жүйесінің архив саласындағы қолданылу барысы талқыланды. Семинар архив саласындағы цифрлық жаңашылдықтарды талқылауға, тәжірибе алмасуға және алдағы даму бағыттарын айқындауға арналған маңызды кәсіби алаң болды.
image-23-11-26-10-55-1
image-23-11-26-10-55
image-23-11-26-10-55-3
image-23-11-26-10-55-2
image-23-11-26-10-55-4
image-23-11-26-10-55-5
image-23-11-26-10-55-6
Записаться на прием