Жазғы демалыс кезеңінде мектеп оқушылары мен студенттер Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жолдамасы бойынша «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы аясында «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылданды.
Бұл – жастар үшін жазғы демалысты тиімді өткізіп, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, жұмыс ортасымен танысуға және жаңа практикалық дағдыларды меңгеруге тамаша мүмкіндік.
Демалыс кезіндегі уақытша жұмыспен қамту жастардың жауапкершілігін, тәртібін және дербестігін қалыптастыруға, сондай-ақ еңбек жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға ықпал етеді.
Мектеп оқушылары мен студенттерге зор жетістіктер, жаңа білім мен жағымды әсер тілейміз! Жинақтаған тәжірибелеріңіз болашақ мамандықтарыңызға бастар маңызды қадам болсын!











