Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫ: ТАРИХИ ПРИЗМА АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»

Previous Next
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Республика күніне орай «Қазақстанның стратегиялық бағдарлары: тарихи призма арқылы болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболат жүргізді. Жиын барысында еліміздің стратегиялық даму бағыттары сараланып, тарихи сабақтастық пен болашаққа бағдар мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Екатерина Сергеевна Смолякова, ҚР Халық Кеңесі Төралқасының мүшесі Наринэ Гамлетовна Микаелян, ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің Еуропа, Америка және Ресей елдерін талдау және болжау басқармасының басшысы Ермұхан Мақсұтұлы Баймұрынов, ҚР Конституциялық Сотының Талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі Амир Саралиевич Умаров, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Серікұлы Пұсырманов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Алтайқызы Мұхтарова, сондай-ақ Астана қаласының Мемлекеттік архивінің директоры Бимолдин Жангелді Бержанович қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасап, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сарапшылар еліміздің стратегиялық даму басымдықтарын, тарихи сабақтастықтың маңызын және болашаққа бағдарланған бастамаларды жан-жақты талқылады.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар негізгі ойлар мен ұсыныстарды түйіндеп, естелік суретке түсті.
Записаться на прием