Қазақстанның жазу тарихында латын графикасына көшу кезеңі — ерекше орын алатын маңызды белестердің бірі. Назарларыңызға ұсынылып отырған мұрағаттық құжат — 1928 жылғы 12 желтоқсанда Қызылорда қаласында өткен Жаңа Қазақ Әліпбиі жақтастарының Өлкелік конференциясының Резолюциясы.
Бұл тарихи құжатта латын әліпбиі негізіндегі жаңа қазақ алфавитін унификациялау (біркелкілендіру) және оның құрылымын бекіту мәселелері жазылған. Документте қазақ тілінің төл дыбыстарын (дауысты және дауыссыз фонемаларды) латын графемалары арқылы таңбалау ережелері, кірме сөздер мен меңзеулерді жазудың орфографиялық тәртібі, сондай-ақ 31 әріптен тұратын алфавиттік рет толығымен көрсетілген.
- Тарихи дереккөз: ҚР Президентінің архиві.
- Архивтік шифр: Ф. 141, Оп. 1, Д. 2800, ЛЛ. 206, 207.




